24.12.2025, 18:00
Оқылды: 39

Ақжайық ауданында «Жомарт жүрек – 2025» премиясы табысталды

Ақжайық ауданында «Жомарт жүрек – 2025» қайырымдылық премиясының салтанатты табыстау рәсімі өтті. Шара ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің көркеюіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан жомарт жандар мен түлектерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

IMG_2465

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражев, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері, әр жылдардағы мектеп түлектері және қоғам белсенділері қатысты.

IMG_2559

Шарада ауылдарға кіреберіс қақпалар салу, көше жарықтандыру, ойын және спорт алаңдарын тұрғызу, мәдениет нысандарын жаңғырту, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға көмек көрсету секілді игі істер жүзеге асырған 19 үміткер марапатталды.

IMG_2523

Аудан әкімі өз сөзінде туған жерге жанашырлық танытып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың өңір дамуына серпін беретінін атап өтті.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

IMG_2540 IMG_2493 IMG_2504 IMG_2553 IMG_2549

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале