26.09.2025, 10:45
Оқылды: 258

Ақжайық ауданында Жұбан тойы басталды

Ақжайық ауданының орталығында бүгін Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына арналған шаралар шеру тартты. Елдікті, ақынға құрметті айғақтаған той Жұбан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Алаңдағы жерлестердің де, меймандардың да жүзінен осы мерекеге байланысты қуаныштың лебі аңғарылды.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.09

Айтыс ақыны Мейірман Шәкенов иісі қазаққа танымал тұлғаның рухына тағзым етуге жиналған ағайынды арнаумен қошеметтеді.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.06

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз елдің елдігін айшықтай түскен бұл зерде күндері аймағымыз, Ақжайық ауданының руханиятына сөзсіз серпіліс беретінін атап көрсетіп, атажұрты барда, қазақ барда жырымен елін мадақ еткен Жұбанның рухы өшпейтінін баяндады.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.02
Жұбан жыры мәңгілік екенінің шынайы айғағы – осы шарада 50 оқушы ақынның «Дала» өлеңін жатқа оқып, елімен бірге «мың тірілген» батыр ақынның рухын жаңғыртты. Ұрпақ сабақтастығы, дауылпаз жырдың қуаты деп, міне, осыны айтады!

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.58.53 WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.58.50 WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.58.48
Көп ұзамай туған жердің ажарын келістіріп, рухани өміріне кең тыныс сыйлаған айбарлы ақын ескерткіші тұғырының іргесін гүл шоқтары көмкерді.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.58.47

Гүл шоқтарын қою құрметі Нұрділдә Ораз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ақұштап Бақтыгереева, Жұбан Молдағалиевтің келіні Айгүл Идиянқызы, немересі Динара Азаматқызы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақанов сынды құрметті қонақтарға ұсынылды.

Нұрбек Ихсан, 
Ақжайық ауданы

WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.11 (1) WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.08 (1) WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.59.08

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале