25.06.2025, 17:15
Оқылды: 482

Ақжайық ауданындағы кітапхана қайта ашылды

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында жаңғыртылған ауылдық кітапхана базасында Jaña klub қоғамдық орталығының салтанатты ашылуы өтті.

9abd0508-9984-4cf9-a3dc-879092678aa1

Руханият пен білімнің ордасы саналатын бұл кітапхана жаңа кейіпке еніп, заман талабына сай толықтай жаңартылып, жабдықталды.

Ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Ляззат Шыңғысбаева, осы жобаның идея авторы әрі «TANA» қоғамдық қорының жетекшісі Камила Лұқпанова және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

94cb6065-ef58-403b-b5a1-692487cbaa18
Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы бұл кітапхананың аудан бойынша модернизациядан өткен екінші нысан екенін атап өтті. Ол өткен жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан кітапханаларды жаңғырту жобасының маңыздылығына тоқталып, жоба аясында облыс бойынша 25 кітапхана іріктеліп, толықтай жаңартылғанын айтты. Бұл бастамаға «Қазақстан халқына» және «TANA» қоғамдық қорлары үлкен қолдау білдірді.

bcd674f0-1c8a-4180-9ba5-15084d1060e0

Жаңартылған кітапханада кең әрі жарық оқу залы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бөлмелер, медиа және руханият алаңдары, презентация залы, көрме және би залдары жасақталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдайлар қарастырылған. Балаларға арналған KidLib бұрышында 3D кітаптар, ойыншықтар мен дамытушы ойындар қойылған.

9f756fc3-d18e-4958-ae34-c3753bad216d

Тайпақ ауылдық кітапханасының жаңа форматта қайта ашылуы – ауылдағы мәдени өмірді жаңғырту жолындағы маңызды қадам.

7e78bb58-46a2-4d30-9ae9-65f75a034b63

Болашақта бұл кітапхана тек ақпарат орталығы ғана емес, түрлі жастағы оқырмандар үшін тартымды әрі қолжетімді зияткерлік және мәдени кеңістікке айналмақ.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале