7.03.2025, 11:30
Оқылды: 379

Ақжайық ауданының әкімі аяулы аналарды құттықтады

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымы мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына арнап мерекелік дастархан жайды.

997beea1-7e0c-451d-aac1-3afee7bcf50c (1)

Аталған бөлімнің басшысы Фархат Уахитовтың құттықтауынан соң ардақты аналарға гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды

Құтықтауды жалғастырған облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Мұрат Сәрсенов, үйден көмек көрсету орталығының директоры Айсұмгүл Мақатова, еңбек ардагерлері «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Мәмбешева, «Жайық мейірімі» қоғамдық қорының төрайымы Жанна Нұржановалар кеш қонақтарының қайсарлықтарына бас иетіндерін айтты.

Дастархан басындағы емен-жарқын көңіл-хошты аудан көркемөнерпаздары әуелеткен шуақты  әндер  одан бетер серпілтіп тастады.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале