14.12.2024, 17:45
Оқылды: 17

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында жаңа мейрамхана ашылды

Бүгін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында «Сарайшық» мейрамханасы есігін айқара ашты. Сән-салтанаты келіскен, заманауи талғаммен салынған ғимараттың иесі – аудан, облысқа танымал құрылысшы, чапаевтық кәсіпкер Нұрлан Салықов.
680b1f2e-a7e6-4d69-92c6-5e7fd3c29be3

– Мейрамхананың құрылысын 2021 жылы бастадық. Ауылдың байырғы тұрғындарының есінде, бұл ғимарат бұрын автобустарға арналған станса болатын. Әбден тозығы жетіп, құлаудың аз-ақ алдында тұрған кезде сатып алып, жөндеп, халыққа жаңаша келбетпен тартуды жөн көрдік. Бастан-аяқ қайта салып шықтық десек те болады. 3 жылға созылған жөндеу-құрылыс жұмыстарының ұлық мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталып, мейрамханамыздың ашылғанын жақсылыққа жоримын. Жұртшылықтың қуанышы еселене берсін, – деді ол жаңа ғимаратының ашылу салтанатында.

220b65c4-6f83-4682-94d8-0b269ad5b38e
Осы салтанатқа аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысып, кәсіпкерлік саласында еңбегі зор Н.Салықовқа ризашылығын білдіріп, осындай ірі құрылыстарды жүргізіп, жұртымыздың игіліген ұсыну азаматтың туған жерге деген сүйіспеншілігінің, қамқорлығының сөзсіз айғағы екенін айтты.

d737e8e4-dcac-4d09-841a-8a9ec352603f

Мерекелік көңіл-хошты көркемөнерпаздар ән-күймен тіпті көтеріп жіберді.

f297b751-f080-496c-8f7d-6f6a03f9ff0f

Екіқабатты нысанда сауда үйі мен мейрамхана орналасқан. Жалпы алаңы 700 шаршы метр болатын ғимараттың жөндеу жұмыстарына кәсіпкер өз қаражатынан 300 млн. теңге инвестиция салған. Мейрамханаға 240 адам емін-еркін сияды.

690e0a6f-b3c5-47b7-8844-39a834e270ca

Нұрбек Ихсан
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале