Референдумда дауыс берудің басталғанына сағаттан астам ғана уақыт өтті. Әйтсе де, аудан тұрғындары әдеттегідей таңертемен референдум учаскелеріне көптеп келіп, өз таңдауларын жасауда.

Солардың бірі Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті Еркебұлан Асылбекұлы. Күні кеше 18 жасқа толған ол «Менің дауысым маңызды. Отанымның ертеңгі күні қандай болатынын бірге таңдауымыз керек" деп есептейді.

– Бүгін мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Еліміз үшін саяси маңызды қадамнан қалыс қалмай, өз таңдауымды жасауға келдім. Атам-әжем, әкем мен анам әрдайым осындай тарихи науқандардан қалмай, бізге үлгі көрсетті, – дейді ол.

Айта кетейік, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері ең жас дауыс берушіге арнайы сыйлық табыстады.
Аида Асылбек
Ақжайық ауданы