Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылындағы орталық көшеде жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері, жем-шөп, сонымен қатар мектепке арналған оқу құралдары сатылымға шығарылды. Округтегі «Есет» шаруа қожалығы шөптің бір бумасын 7 000 теңгеден ұсынды. Ал жеке кәсіпкер Асқар Ғұсманов болса жем қапшығын 2 000 теңгеден бағалады.
Одан бөлек, оқуға қажетті тауарларды алу үшін базарға барып сенделудің қажеті шамалы. Облыс орталығынан келген саудагерлер қаланың құнымен бірдей етіп, түрлі оқу-құралдарын әкелді. Жәрмеңкеге жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Қойылған сөрелерден керек оқу-құралдарының бәрін табуға болады.
Тұрғындар арзан бағада жайылған жәрмеңкеден қажетті заттарын түгел алып, алғыстарын жаудырып жатыр.
Дәл осындай жәрмеңке басқа ауылдық округтерде де жалғасын тапсын дейміз.
Жауһар Нұрым
Теректі ауданы