22.01.2020, 18:07
Оқылды: 23

Ақжайық ауылының тұрғыны баспаналы болды 

Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің өткен жылғы соңғы санында «Сара апайдың қоныс тойында кездесейік» деген тақырыпта жарияланған мақала көптің есінде шығар. Онда біз Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылының Жамбыл көшесіндегі апаттық жағдайда тұрған нөмір 23 үйдің 2 қабатының тұрғыны Сара Есниязова туралы жазған едік.

terekti ui (1)

Сол кезде округ әкімі Болат Қадырәлиевтің «Сара апайды басқа баспанаға орналастырамыз» дегені де есімізде. Әкім екі айтпады, күні кеше ол кісі сол ауылдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшедегі 21 үйдің тұрғыны атанды. Ішке су кіргізілген, есік-терезесі бүтін, ең бастысы, төбесінен тамшы ақпайтын пәтерге кірген Сара апаның қуанышында шек жоқ. Әрі қолдау-көмегін көрсеткен ел азаматтарына алғыс айтуда.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале