Ақжайық аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала мұралары» атты жылжымалы көрмесі Жайық негізгі мектебінде ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – өткен ғасырларда өмір сүрген қазақтың алтын қолды ұсталары мен зергерлерінің асыл мұраларын насихаттау.
Музей қызметкерлері ұсталық кәсіп, зергерлік өнерді жәдігерлер негізінде жан-жақты ұғындырды.
– Көрмеде қазақтың ежелгі қару-жарақтарының түрлері, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қыз-келіншектердің күмістен жасалған әшекей бұйымдар да бар. Мұндай жылжымалы көрме басқа ауылдарда да ұйымдастырылады,-дейді музей экскурсоводы Юлия Нұрланқызы.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы