Қос аудан аумақтарының түйіскен жерінде өткізілген бұл шара барысында Ақжайық ауданындағы Көнеккеткен, Теректідегі Шағатай ауылдық округінің әкімдері бастаған өртке қарсы ерікті құрамалардың, олардағы трактор, жүк көліктерінің, су тасығыштардың, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ, Теректі ауданындағы №27 өртпен күрес бөлімі ұжымдарының ықтимал «тілсіз жауға» қарсы әзірліктері пысықталды. Машықтық іс-қимыл өткізілді.
Аталған шара аяқталғаннан кейін аудандардың ерікті өртке қарсы құрамаларының өрт-техникалық жаттығу жұмыстары қанағаттанарлық деп танылды.
– Өртпен күрестегі озық дағдыларды жетілдіру, төтенше жағдайға қатысты қайсыбір оқиға кезінде олқылықтарға жол бермеу жайында кеңінен әңгімеленді,-Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Темірхан Қажғалиев.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz