31.07.2024, 15:00
Оқылды: 15

Ақжайыққа ҚазИИТУ ғылыми кешенінің мамандары келді

Тайпақ ауылында және Ақжайық ауданы орталығында ҚазИИТУ ғылыми кешенінің ұйымдастыруымен Инновациялық форсаж өтті.

3DE150A8-5886-4FBD-AC3F-C2025B55C5C2

Университет өкілдері қос шарада да ауыл тұрғындарына робототехника, заманауи технология мүмкіндіктерін паш ететін ерекше көрме ұсынды.

Тек ұсынып қана қойған жоқ, алаңға жиналған халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен де тәнті етті.

Форсаждың көңілді өтуіне университеттің өнерпаздарымен қатар, қарапайым тұрғындар да өз үлестерін қосты. Ересектер жағы ескі әндерді, қыз-жігіттер, тіпті балалар да кезекке тұрып, бүгінгінің әуендерін әуелетті.

Би кешімен мәреленген шараның сәнін түнгі аспанды қақ жарған отшашу асыра түсті.

Айжан Ақыл

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале