19.06.2024, 10:15
Оқылды: 141

Ақжайықта 12 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Ақжайық ауданы әкімдігінің үлкен залында мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектерге арналып «Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ» атты салтанатты шара өтті.

AAB99BF4-6B91-4F74-BE79-F2630228F10D

Онда аудан әкімі Мұрат Сердалин он бір жыл мектепте үздік оқып, көптің мерейін асырған түлектерді, олардың ұстаздары, ата-аналарын, барша жиналғандарды құттықтап, сөз сөйледі.

Биыл ауданда 352 ұл-қыз мектеп бітірсе, олардың 12-сі – «Алтын белгі», 25-і – «Үздік аттестат» иегерлері. Дәл қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеудің І және II кезеңдері өтуде. І кезеңде 323 түлек бақ сынаса, ІІ кезеңге 317 түлек қатысып жатыр.

ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігінде Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Үздік аттестат» иегері Қарақат Ахмет 131 балл, «Бударин мектеп-бөбекжай кешені» КММ-нің 11 сынып оқушысы, «Үздік аттестат» иегері Риза Тілек 130 балл жинады.

– Жас ұрпақтың еркін білім, тәлімді тәрбие алуларына мемлекетіміз әрқашан жан-жақты жағдай жасап келеді. Соңғы жылдары озат оқушылар аудандық, облыстық, республикалық білім сайыстарында биік белестерді бағындырды. Солардың қатарында ойып тұрып орын алған сіздердің үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, - деді аудан басшысы жастарға арнаған өз сөзінде.

Аудан басшысы «Алтын белгі» иегерлері, № 1 орта мектебінен Рамиля Абдрашитоваға, Назар Нұркенқызына, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептен Өркен Тажқұранға, Бударин мектеп-бөбекжай кешенінен Алина Кенжеғалиеваға, Қаршы орта мектебінен Саят Қуанышқа, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептен Ернат Сайлауовқа, Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектептен Әлия Әлібек, Гүлнәз Қанатоваға, Есенсай орта мектебінен Зарина Серікке, Абай атындағы мектеп-гимназиядан Назгерім Сәкенқызына, Базартөбе орта мектебінен Нұрайна Шаймарданға, Тайпақ мектеп-гимназиясынан Мағжан Аманжоловқа, олардың ата-аналарына өзінің сый-сияпатын табыстады.

Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлері білім алған мектеп басшыларына аудан әкімі алғысхат табыстады.

Осыдан кейін еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектептің директоры Қанапия Таспай, ата-аналар атынан Анар Есеналиева мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, аққанат арман жетегінде сәт-сапар тіледі.

Түлектер атынан сөз алған «Алтын белгі» иегері, №1 орта мектептің түлегі Рамиля Абдрашитова ұстаздар мен ата-ана, барша тілеулестерге зор алғысын жеткізді.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале