29.01.2018, 15:25
Оқылды: 42

Ақжайықта 9 кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан

Бұл туралы Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Камералды бақылау және өндіру» бөлімінің бас маманы Жасұлан Өтепов айтты.

Жыл басынан бері 9 жеке кәсіпкердің алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқаны және 6 жеке кәсіпкердің алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжатынсыз сатқаны және сақтағаны анықталды. Сондай-ақ 2 жеке кәсіпкерде фискалды жады бар бақылау кассалық машинасының жоқ екені анықталды.

– Аталған жеке кәсіпкерлерге әкімшілік хаттама толтырылып, Ақжайық аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі, 282-бабының 3-бөлігі, 7-тармақтарына сәйкес қаулы шығарылып, 1 421 275 теңге көлемінде айыппұл салынды,-дейді Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Камералды бақылау және өндіру» бөлімінің бас маманы Жасұлан Өтепов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале