11.02.2022, 10:10
Оқылды: 41

Ақжайықта айтыс өтті

Теректіде балалар жылына орай аудан әкімі Тілек Габдушевтің бастамасымен оқушылар арасында мектепішілік айтыс өтіп жатқанын жазған едік. Енді, міне бұл шара Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы мектепте жалғасын тапты.

IMG-20220211-WA0019

Жыр додасында ең әуелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдері — Толғанай Мағзомқызы мен Гүлсезім Талғатқызы сөз алды. Қос ұстаз  айтыс өнері, соның ішінде Батыс Қазақстаннан шыққан айтыскерлер хақында кеңінен мағлұмат берді.

IMG-20220211-WA0018

Жиналған көрермен одан әрі 7«ә» сынып оқушысы Д. Исмағұлдың, 10 «ә» сынып оқушылары А. Айғалиева,  Э. Мағзомовтың және 10«а» сынып оқушысы М. Шайдрахмановтардың өнерін тамашалады.

IMG-20220211-WA0012

Айтыс барысында күмбірлеген күй тартылып, терме де айтылды.

Айшабибі Мәмет, 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале