11.05.2018, 10:54
Оқылды: 42

Ақжайықта акция аясында 11 домбыра сыйға тартылды

Ақжайық ауданында «Мен сыйға тартқан домбыра» акциясы өтуде.

Акцияға үн қосқан Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы Серікқали Бақманов, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Орынша Бақтығалиева, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Артур Ермұқанов, сондай-ақ 1989 жылғы мектеп түлектерінің бір тобы өздері түлеп ұшқан алтын ұя – Базаршолан ауылындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектептегі аз қамтылған және көпбалалы отбастарының балаларына барлығы 11 домбыра тапсырды.

Қасиетті домбыраны қабылдап алған ұл-қыздардың бәрі де мектеп табалдырығын аттағаннан өнерге икемділіктерін танытып жүргендер болып табылады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале