20.08.2024, 15:00
Оқылды: 105

Ақжайықта батыр мен әулиенің рухына Құран бағышталды

Осыдан екі жыл бұрын Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі Қадырқұл ауылынан 2 шақырым қашықтықта батыстың әулиесі Орақ пен Шағырай батырдың құрметіне қос бірдей зәулім кесене бой көтерген болатын.

3287F5D5-AA9B-4613-8978-86A9C428860A

Тарихқа көз жүгіртсек, елін, жерін жаудан қорғап, Бұқар, Хиуа, Қалмақ хандықтарына, Ресей отаршыларына қарсы күрескен Шағырай батыр Орақ әулиемен ағайындас болған екен.

02CEAD12-A3CF-44EA-9DE4-DB7C7FDFBA1A

Алыстан көз тартатын биік қос кесененің басына өткен сенбіде «Шағырай» қорының жетекшілерінің ұйытқы болуымен Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе мен өз облысымыздан қарасы қалың жұртшылық жиналды. Мақсаттары – батыр мен әулиенің рухына құран бағыштап, өткенге салауат ету.

BF9F565C-51A6-4B0A-A3FF-3103601C6E58

Сонымен қатар бұл басқосуда қордың бастамашылығымен жарық көрген қос кітаптың таныстырылымы өтті. Оның бірі шығыстанушы, мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы  Қайрат Сәкидің «Шеркеш мәмлүк сұлтандары» кітабы болса, екінші «Есенді еске алғанда» кітабы «Шағырай» қоғамдық қорының құрылтайшысы, қос кесененің бой көтеруіне мұрындық болған Есен Күмісқалиді еске алуға арналыпты.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале