Ақжайық ауданында төтенше жағдайлар бөлімі күрежол бойындағы «фураларға» қауіпсіздікті қайта-қайта қаперге салуда.
Биыл бұл «алыптардың» да тайып, жол жанына түсіп кетуі жиілеп тұр. Бұл тиісті қызметтерді біраз уақыт пен күш жұмсауға мәжбүрлейді. 15 қаңтарда Алмалы ауылдық округі тұсында (Атырау-Орал тасжолының 261 шақырымында) сондай жағдайға ұшыраған қазақстандық осындай жүк көлігі «Қазавтодордың», №18 өртпен күрес бөлімінің, басқа да мекемелер техникасының күшімен тұрғызылды.
- 14 қаңтарда Орал-Атырау жолының Мерген ауылдық округінің тұсында түркиялық, Алмалы ауылдық округінің тұсында өзбекстандық «фуралар» аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» кәсіпорны, сондай-ақ Оралдан «КамАЗ-дың», басқа да техниканың шақырылуымен жол үстіне шығарылды. Ең бастысы – адамдар аман, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірхан Қажығалиев.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер