9.10.2024, 17:00
Оқылды: 12

Ақжайықта Қасен Қоспаевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Өткенсіз бүгін жоқ. Жылдар жылжыған сайын аға ұрпақтың жарқын болашағымыз үшін, тәу етер тәуелсіздігіміз үшін төккен қаны мен терінің құны еселене түседі. Осының дәлелі – бүгін соғыс және еңбек ардагері Қасен Қоспаевтың өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта ілінді.

IMG_3931

Есімі Жайық өңіріне белгілі, Ұлы Отан соғысында қолына қару алып, ел қорғаған, бейбіт өмірде қайраткерлігімен, асқан іскерлігімен танылған Қасен Жақауұлының өмірі мен өнегесін ұлықтаған шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин, ағамыздың ұрпақтары, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

IMG_3946

Алдымен жиналғандар Қасен Қоспаевтың жарқын бейнесін бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң кезінде ағаның көзін көріп, бірге жұмыстас болған, тәлімін алған еңбек ардагерлері Чапаев ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қаби Қадесов пен аудандық мәслихат депутаты Құрман Бисеғалиев естеліктерін бөлісті.

IMG_3982

Тақтаны ашу құрметі аудан әкімі М.А.Сердалин мен еңбек ардагері, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы Ғилаж Лұқпановқа берілді.

Әрмен қарай аудандық мәдени-демалыс орталығында Қ.Қоспаевты еске алуға арналған ауқымды шара өтті.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале