5.04.2018, 11:59
Оқылды: 56

Ақжайықта Мақсот Жұмаевтың жүлдесі үшін ашық біріншілік өтуде

jumAEVАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен альпинизмнен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан альпинистері құрамасының жетекшісі, жерлесіміз Мақсот Жұмаевтың жүлдесі үшін тау туризмі техникасынан және спорттық шыңға өрмелеуден облыстың ашық біріншілігі басталды.

Жарысқа Орал қаласы, Орал технологиялық колледжі, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау және Ақжайық аудандарының командалары қатысуда.

Тауды сүйген, биіктікті сүйген әлемдегі мұзбалақтардың арасында жерлесіміз Мақсот Жұмаевтың болуы – қазақстандықтар үшін зор мақтаныш. Ол әлемдегі барлық 14 сегізмыңдық шыңды бағындырған тұңғыш қазақ жігіті. М.Жұмаев 1977 жылы Теректі ауданында дүниеге келген.

Аталған шараға жиналғандарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі. Ауданда тау туризмінен бұған дейінде айтулы жарыстар ұйымдастырылды. Соның бәрі балалар-жасөспірімдер туризмі жөнінде жақсы тәжірибе әкелді. Осыны одан әрі жетілдіруде бұл біріншіліктің маңызы зор екенін аудан басшысы атап көрсетті.

Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директорының орынбасары Айгүл Айтилова мен ақжайықтық ардагер ұстаз, журналист Бақтығали Қоспаев командаларға сәттілік тіледі.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале