30.10.2024, 18:00
Оқылды: 114

Ақжайықта мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті

Дәстүрге сай қайырымдылық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулілер арасында биыл да спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Биманов пен облыстық мүгедектердің ерікті қоғамының Ақжайық филиалының төрағасы Мұрат Сәрсенов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

55

Дәстүрлі жарыста ауданымыздың әр округінен келген мүмкіндігі шектеулі болса да, спортқа ынтасы жоғары жандар пауэрлифтинг, қол күресі, отырып ойнайтын волейболдан бақ сынады. Бұл ретте спорттық тұрғыда бәсекелес болғанымен, қатысушылардың бір-бірін қолдап, жарыс алаңына шыққандарға зор қошемет көрсеткенін атап өту керек.

Жарыс қорытындысында пауэрлифтингтен әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назгүл Күрпелдісова (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы), 60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Гүлмаржан Көшекқалиева (Чапаев), ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марс Қалақов (Қарауылтөбе), 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мақсот Хамзин (Тайпақ) жеңімпаз атанды.

Қол күресінен әйелдерден өз салмақтарында Рысгүл Есентай (Жаңабұлақ), Зағипа Мыңбаева  (Жаңабұлақ) үздік шықса, осы спорт түрінде Батырбек Бәсетов (Алмалы), Марс Қалақовқа тең келер ер табылмады.

Отырып ойнайтын волейболда I орынды Тайпақ ауылдық округінің командасы иеленсе, ІІ орында ақжолдықтар, үшінші орынды Қарауылтөбе ауылдық округінің командасы жеңіп алды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Асыл Қайрат

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале