24.10.2024, 16:45
Оқылды: 93

Ақжайықта музей сағаты өтті

Бүгін Республика күніне орай Ақжайық аудандық өлкетану музейінің Тәуелсіздік залында «Менің Отаным – Қазақстан» атты музей сағаты өтті.

IMG_2333

Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтаған шараға аудан орталығындағы №1 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғарғы кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербес мемлекет ретіндеөз егемендігін алуға алғашқы қадамын жасады.

Тәуелсіз елдің рәміздері: Мемлекеттік ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға түсті. Музей сағатында оқушыларға осындай деректер жөнінде, еліміздің бағындырған белестері, шежіреміздегі айтулы оқиғалар туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Мағыналы шараға ұл-қыздар да құр қол келмепті. Олар Отан туралы өз өлеңдерін оқып берді. Мемлекетіміздің рәміздері, Тәуелсіздік шежіресі туралы сұрақтарға да оқушылар мүдірмей жауап берді.

Шараның соңында бәрі қосылып, «Көк тудың желбірегені» әнін шырқады.

Юлия Нұрланқызы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале