19.03.2023, 10:22
Оқылды: 61

Ақжайықта тұтас бір жанұя дауыс берді

Сағат 10.00 шамасында Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы №26 сайлау учаскесіне барғанымызда дауыс беру енді-енді қызып жатыр екен. Жеке-жеке келгендерден гөрі, отбасымен дауыс беріп жатқандар көп. Айталық, зейнеткер Бақтылы Қауетова бала-келіні Гайдар мен Гүлзада, немересі Асылханмен бірге келіпті. Өзі талай жыл осы аудан орталығында еңбек етіп, бүгінде жасы 80-ге жақындап қалған ана бірде-бір сайлаудан тыс қалып көрмепті.

FB_IMG_1679199049980
– Сайлау – әр адамның өз еркін білдіру құқығы, мемлекетінің алдағы уақыттағы бағытын өзі таңдау құқығы. Сондықтан мен қалай шет қаламын?! Алдымен осы құқыққа ие болған бала, сосын келіндерді ерте келетінмін. Бүгін, міне, биыл ғана мұғалімдік қызметін бастаған немерем Асылхан да бар қасымызда. Осындай маңызды қадамдардың бәрін жақсылықтың нышаны деп білуіміз керек. Депутаттарға артар үмітіміз зор. Ең бастысы, бүгін халықтың сеніміне ие болған қалаулылар ұрпақтың жарқын болашағы үшін адал қызмет етсін! – дейді ақжаулықты ана.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале