4.12.2024, 16:45
Оқылды: 19

Ақжайықта үш ауылдық округте жаңа әкім тағайындалды

2024 жылғы 24 қарашада өткен Алмалы ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесіне сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Алмалы ауылдық округінің әкімі болып Мереке Наурызалиев тағайындалды.

Мереке

М.Төлеуғалиұлы 1972 жылы 13 қыркүйекте Котельное ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Котельный совхозының жұмысшысы болып бастаған ол 1999-2008 жылдары №10 Тайпақ орта кәсіптік-техникалық мектебінің мұғалімі, 2008-2020 жылдары №10 кәсіптік лицей директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2020-2022 жылдары Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің өндірістік шеберхана меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Жаңа қызметке сайланғанға дейін Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-сінің орман өрт сөндіру стансасының бастығы болып қызмет атқарды.

халық

2024 жылғы 24 қарашада өткен Қабыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижесіне сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Қабыршақты ауылдық округінің әкімі болып Халық Аймағамбетов тағайындалды.

Х.Сатханұлы 1966 жылы 26 сәуірде Горячкино ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы А.Пушкин атындағы педагогигалық институтын «бейнелеу өнері, еңбек және сызу мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Первомай совхозының жұмысшысы болып бастаған ол 1991-2005 жылдары Бітік орта мектебінің мұғалімі, 2005-2009 жылдары Бітік орта мектебінің директоры, 2009-2016 жылдары Бітік орта мектебінің мұғалімі, 2016-2018 жылдары Бітік орта білім беретін мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке сайланғанға дейін Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

Бауыржан

2024 жылғы 24 қарашада өткен Қурайлысай ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижесіне сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Қурайлысай ауылдық округінің әкімі болып Бауыржан Бисенұлы Сатдықов тағайындалды.

Б.Бисенұлы 1965 жылы 2 маусымда Өлеңті ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1990 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы институтын «зоотехник» мамандығы, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы «Өлеңті» ет кеңшарының жұмысшысы болып бастаған ол 1985-1997 жылдары «Өлеңті» ет кеңшарының №2 фермасында жұмысшы, көлік жүргізушісі, зоотехник, бригадир, шаруашылық меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1997-1998 жылдары «Талап» өндірістік кооперативінің шаруашылық меңгерушісі, 1998-2002 жылдары «Арай» шаруа қожалығының жұмысшысы, 2007-2015 жылдары Қурайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2015-2017 жылдары Қурайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2020-2021 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маманы лауазымдарында болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале