16.10.2024, 15:00
Оқылды: 37

Ақжайықта жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Ақжайықта жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып Рысбек Жанайысов тағайындалды.

image-16-10-24-10-45-2

Рысбек Жанайысов 1996 жылы ауданымыздың Алмалы ауылды қокругіне қарасты Атамекен ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2016 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін тәмамдаған.

Қызметін 2016 жылы Атамекен ауылындағы М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ол аудандық Сағынғали Сейітов атындағы кітапханада кітапханашы, осы аралықта аудандық «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етті. Шені – полиция лейтенанты.

Жаңа басшыны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Науқанұлы ұжымға таныстыртырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале