15.05.2018, 11:59
Оқылды: 26

Ақжайықта жыл басынан бері  жол апатынан 4 адам көз жұмды

Биылғы жылдың осы уақытына дейін Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 110 жүргізушіге барлығы 803 271 теңге айыппұл салды. Оның бүгінге дейін 776 816 теңгесі өндірілді. Айыппұл өндіру пайызы 96% құрады. Былтыр осы уақытқа айыппұл өндіру 90,3% болған-ды.

Сондай-ақ әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлері жылдың өткен уақытында айталық, республикалық қатынасқа арналған жолдарға (1982 шақырым) 21 рет, облыстық жолдарға (431 шақырым) 8 рет, аудандық жолдарға (141 шақырым) 9 рет және елді мекендердегі көшелерге (68 шақырым) 12 рет, яғни барлығы 50 рет тексеру, байқастау жүргізді. Мұның қорытындысымен жол органдарына қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты 50 ұйғарым жолданды. Жол қозғалысын қамтамасыз етуге уақтылы жағдай жасамағаны үшін «Қазавтожол» учаскесінің екі жауапты тұлғасы және «Басов» ЖК басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 48 100 теңге айыппұл өндірілді.

Иә, жол қозғалысында қауіпсіздік айтыла қалса, көлік иелеріне, басқа жауаптыларға салынып жатқан айыппұл жайында да жиі айтылады. Бірақ бұдан жағдай оңға ойысып жүр ме. Айталық, жылдың І тоқсанында аудан аумағында 6 жол көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды, 8 адам түрлі жарақат алды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале