17.04.2018, 12:08
Оқылды: 52

Ақжайықта жыршы-термешілер байқауы басталды

IMG_2248Ақжайық ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші-термеші Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» ІҮ республикалық қыз-келіншектер арасындағы әнші-термешілер байқауы басталды.

Республика облыстарынан келген байқауға қатысушылар ең алдымен аудан орталығындағы Жұбан Молдағалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әйгілі ақынның рухына тағзым етті. Әнші-термешілерді «Мерей» мәдени-демалыс орталығында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев құттықтап, сөз сөйледі. Қазір байқаудың І кезеңі өтуде.

Байқаудың мақсаты - Қаламқас Орашеваның есімін мәңгі есте сақтау, әнші-термешінің үнтаспада жазып қалдырған Нұрпейіс атасының «Нарқыз», «Төрехан», ұстазы Ғарифолла Құрманғалиевтың әндерін, бабалары Махамбет пен Базар жыраудың толғау-термелерін ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау, жыршылық-термешілік өнері арқылы кейінгі ұрпаққа ана тілін, дәстүр мен тарихты, өнерді сақтаудың өнегесін ашып, өнер әлемінде жаңа жырау-термешілердің есімін ашу.

 

«Жайық таңы»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале