«Мейірбандық күндеріне» орай Чапаевтағы Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бір топ дәрігер келіп, мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылардың денсаулығын қарады.
Аудандық емханадан кардиолог А.Ералиева, ЭКГ медбикесі А.Хайрушева, хирург-уролог М.Социолов, дәрігер-статист А.Қажгалиев, окулист А.Төлешова осы мекемеде тағдырлары тоғысқандардың талап-тілектерін тыңдады. Яғни, біреулеріне ем тағайындады, сондай-ақ мысалы, көзілдірік алуға 6 адамды тіркеді. Окулистке 17, урологқа 14, ЭКГ-ге 11, кардилогқа 6 адам жүгінді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры А.Сапарғалиев бұл келген әріптестеріне зор ризашылығын арнады. Ақ желеңді абзал жандарға қызмет алушылар атынан «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Орталықпен аудандық емхана, аурухананың еңбек ұжымдары ұдайы тығыз байланыс ұстап келеді.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН