4.06.2018, 10:13
Оқылды: 38

Ақжайықтық 6000-нан астам бала лагерьлерде демалады

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылында мектеп оқушыларының аудандық жазғы лагері жұмысқа кірісті. Оның ашылу салтанатында аудан әкімі Әділ Жоламанов осында алдыңғы лекте келген 50 ұл-қызды құттықтады.

Бұл «Атамекен» лагері осыған дейін көп жыл бойы Алмалы ауылына таяу тұста жұмыс істеген еді. Енді, міне, Жамбылға, Көшім суарнасы жағасына көшіріледі. Бұл лагерь үшін 1988 жылы пайдалануға берілген, яғни бұрынғы Жамбыл орта мектебі, қазіргі негізгі мектеп ғимаратының бос тұрған бөлігі пайдаланылды. Мердігер «Жайық Сити» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері 50 орынға арналған, 12 бөлме, бірнеше залы бар екіқатарлы осы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізді. Әр мектептен ауысым сайын 4 жетекшіден қызмет атқарады және ауылдан 8 адам осында жұмысқа тартылған.

Шәкірттер осы алғашқы күні ауылда ұйымдастырылған Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдығына орай еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншіліктің белдесулерін тамашалады.

Өткен жылдардағыдай, ауданда биыл да мектеп оқушылары осы «Атамекенде», әйгілі Шалқар көлі жағасындағы «Ақшағала»  және Чапаев іргесіндегі туристік лагерьде жазғы демалыспен түгел қамтылады. Бұл – 6065 бала.

Нұрсұлтан АСҚАР

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале