11.10.2024, 14:30
Оқылды: 12

Ақжайықтық ардагерлер спортта да дес бермейді

Ақжайық спорт кешенінде ардагерлер арасында дойбыдан, шахмат және тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі өтті.

3bcf8161-f516-4ff6-9ced-9a124b2436ac

Оның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Максим Үмбеталиев қатысып, спортты жанына серік еткен аға буын өкілдеріне жылы лебіздерін арнады.  

Сайысқа Ақжол, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қарауылтөбе, Тайпақ, Мерген ауылдық округінен, М.Әуезов атындағы орта мектеп және «Жігер» спорт клубының командалары қатысты.

Тартысты бәсекеде шахматтан тайпақтық Әділхан Метенов, дойбыдан Көнеккеткен ауылынан Нұрболат Молдағалиев, тоғызқұмалақтан М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі Бегелді Қадырғалиев І орынға ие болды.

Сонымен қатар жеңіске жігері үшін аталымымен еңбек ардагерлері Болат Есқалиев пен Сағира Барадосова қошеметтелді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале