Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы үшін жаңа жыл жағымды жаңалықпен басталды. Осы ауылдың тумасы, қазіргі таңда басқа өңірде тұрып жатқан Сағидолла Қазетов «МТЗ-92.2» маркалы тракторды сыйға тартты.

Ауылға жанашыр азамат бұған дейін де елдің жайын қамдап, бірқатар қайырымды істерге ұйытқы болды. Атап айтқанда, ауылға техникалық су арнасын тартуда қолдау көрсетіп, оқушыларға мектеп формасын сатып алуға демеуші болған.
Сыйға берілген техника қыста қар тазалау және өзге де ауыл шаруашылық жұмыстарына тиімді пайдаланылып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетері анық. Қазіргі уақытта тракторды ауыл азаматы Батырбек Абдуллин тізгіндеп, ел игілігі үшін қызмет етуде.
Нұрбек Ихсан,
Ақжайық ауданы