4.06.2024, 18:00
Оқылды: 17

Ақжайықтық Ернар Жігербаев Президенттің қолынан офицерлік шен алды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне  офицерлік шен табыстады. Солардың қатарында ақжайықтық Ернар Жігербаевта болды.

DBCD2C29-4793-409C-905C-80F0291835A1

Ақжайық аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі Ернар Азаматұлы Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында білім алып жатыр. ҚР Қарулы күштерінің Бас Жоғарғы Қолбасшысының қолынан лейтенанттық шен алу мәртебесі бұйырған үздік өрен салтанатты рәсімде сөз сөйледі.

– Өзіңіздің қолыңыздан арнайы шен алу – әрбір сарбаздың арманы. Бұл сіздің және халқымыздың бізге артқан сенімі, зор аманаты деп білеміз. Жұртымыз әр уақытта бауырмалдық, өзара көмек сынды асыл қасиеттерді бәрінен биік қояды. Сол себепті мен төтенше жағдайлар саласында қызмет етемін деп шештім. Бұл аса абыройлы және маңызды міндет. Әрдайым Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі үшін адал қызмет етуге ант етемін, - деді ол.

Әсия Серік

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале