9.04.2025, 13:00
Оқылды: 160

Ақжайықтық оқушылар әскери жарыстан сынға түсті

Аудан орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушыларынан құралған командалар арасында «Алау» әскери ойыны өтті.

4

Шараның ашылу салтанатында аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Дархан Қалимеденов, сайыстың бас төрешісі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Кенжебек Айтқалиев және бір топ Ауған соғысының ардагерлері жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Осындай сайысардың патриотизмге мектеп жасынан баулудың бірден-бір бағыт екенін айтты.

ddf7d216-b542-4a6e-bc28-96e478657ffb

Мұнда командалар қаруды бөлшектеу және қайта құрастыру, нысана көздеу,  басқа да спорттық жарыстармен қатар әскери әндерді орындаудан сынға түсті.  Тартысты өткен бәсекеде Бударин мектеп-бөбекжай кешенінің оқушылары ІІІ орын, Жаңабұлақ орта мектебінің командасы ІІ орынға ие болса, Қ.Байсыков атындағы орта мектептің оқушылары жеңіске жетіп, облыс орталығында өтетін жарысқа жолдама алды.

4528cb48-d880-40f6-95cf-3b2244960c0f

Сондай-ақ сайысқа қатысқан өзге де командалар белсенділігі үшін алғыс хатпен қошеметтелді.

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале