3.07.2024, 17:15
Оқылды: 50

Ақжайықтық оқушылар «ІQanat» олимпиадасынан жүлдемен оралды

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Денис Умашев  «ІQanat» республикалық олимпиадасына қатысып, грант және жартылай грант иеленген оқушыларды ата-анасымен бірге қабылдады.

1890E6BF-9A82-44C1-9528-E8F8CFD7C14A

Кездесу барысында Денис Молдағалиұлы аудан мерейін өсіріп, бәсі биік білім бәсекесінде жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушыларға жылы лебізін арнап, аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

Еске сала кетсек, «ІQanat» – қазақстандық кәсіпкерлердің қолға алған меценаттық жобасы. 2018-2019 оқу жылынан бастап дәстүрлі негізде өткізіліп келеді.

Еліміздің ірі кәсіпкерлері ауыл мектептерінде білім алатын балаларға отандық қана емес, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.

Өткен оқу жылында аудандық кезеңге қатысқан 176 оқушының арасынан іріктелген 47 ұл-қыз облыстық кезеңде білім жарыстырып, республикалық кезеңге 9 оқушы өтті.

Олар 15-21 маусым күндері Алматы қаласында ауыл мектеп оқушыларына арналған «ІQanat» республикалық олимпиадасының финалдық кезеңіне қатысып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді.

Жаңабұлақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы Санжар Бауыржан грант иегері атанса, Абай атындағы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары Айару Рашид,  Гүлжайна Сайын жартылай грант иеленді.

Қабылдауда білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмолдин болды.

Аида Асылбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале