31.10.2024, 9:30
Оқылды: 128

Ақжайықтық оқушылар робототехника және бағдарламалау бойынша өткен фестивальде топ жарды

Астана қаласында 27-28 қазан күндері робототехника және бағдарламалау бойынша R:ED FEST республикалық және халықаралық фестивалі өтті.

7ae30cfc-cd8c-4a4f-b402-641f0ecb0e93

Аталған шараға Абай атындағы мектеп-гимназияның үш командасы қатысып, білімі мен шеберліктерін дәлелдеді. Шәкірттер байқауға арнап бірнеше роботтарын дайындап алып барды.

Нәтижесінде Сахиев Бақдәулет (10 сынып) пен Ерланұлы Иманай (9 сынып) «Сызық бойынша қозғалыс. Білім беру конструкторлары» санаты бойынша 14-17 жас аралығында республикалық кезеңде II орын, халықаралық кезеңде I орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Осы санатта 10-13 жас аралығында бақ сынаған Тілекбай Аңсар (6 сынып) мен Байтемір Мирас (6 сынып) республикалық кезеңде төртінші орыннан көрінді.

«Сумо» санаты бойынша 14-17 жас аралығында Айткалиев Санжар (11 сынып) мен Жұмағали Әмір (9 сынып) республикалық, халықаралық кезеңнің екеуінде де III орынға ие болды.

e66d3a8c-11a1-4e50-a3c2-7b5a7930a129

Шәкірттерді фестивальге дайындаған жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Айбатыр Бейімбетұлының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол бірнеше жылдан бері оқушыларға робот құрастырудың, бағдарламалаудың қыр-сырын үйретіп келеді.

Жалпы робототехника саласы ауданда жақсы дамып келеді. Мәселен, 2022 жылы «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, Абай атындағы мектеп-гимназияда арнайы робототехника кабинеті жабдықталып, қажетті құралдармен толықтырылды.

Ал биыл аудандық білім беру бөлімі «STEM» кабинетін де алып берген болатын.

Жеңімпаздарды теміржол вокзалынан ұстаздары мен ата-аналары, достары зор құрметпен күтіп алды.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале