Астана қаласында Ұлттық Дельфий комитетінің ұйымдастыруымен «Астана жас толқыны» балалар мен жастар шығармашылығының халықаралық байқауы өтті.
Байқауда Ақжайық аудандық балалар шығармашылық орталығының шәкірттері айтулы жетістікке қол жеткізді.
– «Заманауи би» аталымы бойынша «Балауса» бишілер ансамблі (жетекшісі Ақмарал Бекетаева) ІІ орын – күміс алқаны еншілесе, «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымында киіз басу техникасымен Аруна Зайдуллина (жетекшісі Гүлдана Ережепова) І орын, «Асыл мұра» тақырыбындағы аралас техникасымен Айбатыр Төлейғазиев пен Нұрсәт Жұма (жетекші Тимур Сүлеймен) сертификат иеленді, - дейді балалар шығармашылығы орталығының педагог-ұйымдастырушысы Зәмзагүл Дәмирқызы.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
Суретте: байқаудағы І орын иегері Аруна Зайдоллина