5.04.2018, 12:01
Оқылды: 30

Ақжайықтық жас кәсіпкер үш отбасыға көмектесті

KAIRIMDILIKАқжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округінде былтыр күзге салым ашылған «Шапағат» қайырымдылық дүкеніне тұрғындар пайдалануға жарамды, үйдегі артық-ауыс киімдерді тапсырып тұрады.

Бүгінге дейін әлеуметтік әлсіз 30-дан астам отбасының мүшелері осыннан өздерінің қажеттерін тапты. Бұдан былай «Шапағатта» азық-түлікпен де жәрдемдесу қолға алынуда. Бұл бастаманы іле қолдаушылар да бар. Қайырлы іске әрдайым белсене қатысып жүрген «Талапкер» шаруа қожалығының жетекшісі Еркебұлан Өткелбаев 20000 теңгенің азық-түлігін әкеліп берді. Бұл көмек 3 отбасыға апарылды. Жас кәсіпкердің қайырымдылығы көпке үлгі-ақ.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале