9.04.2025, 15:30
Оқылды: 273

Ақжайықтықтар балуан қызға қошемет көрсетті

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Иордания елінде Амман қаласында әйелдер күресінен өткен Азия чемпионатында қол медальді иеленген ақжайықтық Зейнеп Баянова анасы Жанар Бақытқызын қабылдап, құрмет көрсетті.

IMG_0081

- Сенің жеңісіңе ел болып қуандық. Бұның бәрі қажырлы еңбектің, тума-талаттың, ата-анаң берген тәрбиесінің арқасы. Алда бұдан да биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз, ел мақтанышына айнала бер. Сендердей қыз-жігіттердің арқасында көк туымыз биікте желбірей берсін, –деп тілегін арнаған Мұрат Амангелдіұлы балуан қызға ақшалай сертификат, анасына алғыс хат табыстады.

Кездесуде сондай-ақ балалар-спорт мектебінің директоры Марат Ығылманов, «Ақжайық» спорт кешенінің директоры Жаслан Күнбатыров болып, жылы лебіздерін арнады.

Өз кезегінде З.Баянова жерлестерінің осындай ықыласы ерік беріп, жеңіске жігерлендіретінін айтып, рақметін жеткізді.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале