Бүгін Ақжайық ауданының Сарытоғай, Бударин, Тайпақ ауылдық округтерінде әкімдердің сайлауы өтуде. Саяси додаға аудан бойынша 3 партиядан 8 және өзін-өзі ұсынған 1 үміткер қатысты. Олардың арасынан бүгін тұрғындар лайықтысын таңдамақ.
Таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелеріне келген дауыс берушілердің қатары қалың. Барлығы 9 учаскеде салтанатты түрде ашылған сайлауда бәрі әділ әрі ашық өтуде. Барлық учаскелерде санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Келген адамдар арақашықтық сақтап, қызуы өлшенеді.
Сағат 10.30-дағы ақпарат бойынша Бударин ауылдық округіндегі 3 сайлау учаскесінде дауыс беруі тиіс 969 адамның 288-і келген. Ал Сарытоғай ауылдық округінде Жанама және Сарман сайлау учаскелерінде 140 дауыс беруші өз таңдауын жасап үлгерді, бұл жалпы тұрғындардың 29,72 пайызы.
Тайпақ ауылдық округінде де дауыс беру қалыпты өтуде. Қазіргі уақытқа 336 тайпақтық сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берді.
Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz