25.07.2021, 11:45
Оқылды: 45

Ақжайықтықтар сайлауда ұйымшылдық танытуда

Бүгін азаматтардың саяси мәдениетінің сапалық деңгейінің бір сатыға көтерілген күні. Жергілікті жердегі әкімдерді тікелей сайлау формасының енгізілуі еліміздің саяси жүйесінің нығая түскені.

31CFEE8C-8625-4EEA-BAE2-DCEDE2D5D471

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі" атты Жолдауында жергілікті әкімдерді сайлау жөнінде тапсырма берген.

Ақжайық ауданы әкімдігі осы тапсырмаға сай Бударин, Тайпақ, Сарытоғай ауылдарында сайлау өткізу шараларын бекітіп, соңғы нәтижені күтуде. Барлық үгіт- насихат жұмыстары өз деңгейінде өтіп, сайлау орындары жасақталды. Ауыл адамдары тікелей әкімді сайлау өздерінің конститутциялық құқтарын толыққанды іске асыру мүмкіндігін жақсы түсінген. Бүгінгі күні халықтың үніне құлақ асатын халықтың әкімін сайлауда ұйымшылдық көрсетіп, санитарлық талаптарды сақтай отырып, азаматтық міндеттерін орындайтына сенімдімін. Өз ауылының тағдырына алаңдаған, көшбасшы болуға талпынған азаматтарға сәттілік!

Құрман Бисеғалиев,

еңбек ардагері

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале