2.04.2024, 16:15
Оқылды: 20

Ақжайықтықтар теректіліктерге қол ұшын созды

Ақжайық ауданы су тасқынынан көп зардап шекпегенімен, облысымыздың өзге аймақтарында ахуал әлі де күрделі. Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында айтып келмейтін апатпен әлі де күресуде. Қиын уақытта бір-біріне қол ұшын созып, жығылғанды демеу – халқымыздың байырғы дәстүрі.

baf53b9e-a766-4636-8082-60f4165c39f0

Бүгін тілсіз жаумен бетпе-бет келген Теректі ауданындағы Подстепное ауылына Ақжайықтан гуманитарлық көмек жеткізілді. Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбіз, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, бұқтырылған дайын ет өнімдері, қант, кондитер өнімдері, тұрмыстық заттар арнайы жасақталған №3 эвакуациялау бекетіне түсірілді.

Игі шараны аудан жастары ұйымдастырды. Олардың ұйытқы болуымен Чапаев ауылындағы «Анашым», «Сабина», «Мерей» дүкендері азық-түлік және тұрмыстық заттар, «Мурзагалиев» жеке кәсіпкерлігі нан өнімін берді. Гуманитарлық көмектің басым бөлігін «Алаша» шаруа қожалығының басшысы, бұрыннан да қайырымды істердің қасынан табылатын Әлішер Нұрпейісұлы демеушілік жасап, өз қаражатына сатып алды.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале