15.03.2026, 9:18
Оқылды: 21

Ақжайықтықтар тұтас көше, отбасыларымен дауыс беруде

Бүгінгі референдумда ақжайықтықтардың белсенділігі анық байқалады. Ала таңнан референдум учаскелеріне ағылған тұрғындар Жаңа Конституция бойынша өз таңдауларын жасауда. Байқағанымыз, Чапаев ауылындағы референдум учаскелеріне ерлі-зайыптылар тұтас отбасымен, тіпті көше тұрғындары бірге келіп жатыр.

6ea88fb9-165c-4101-9760-583bb451b42d

Еліміздің ертеңіне қатысты маңызды шешім қабылдауға түгел жанұямен келгендердің қатарында Мырзағалиевтер отбасы да бар. Бала-келіндерімен бірге №24 референдум учаскесінде дауыс берген Борис пен Ақзиза бүгінгі күнге қатысты өз пікірін білдірді.

– Ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен тыныштық бар. Ұйысқанның ұпайы түгел деген, бір болып, бірге болып, тарихи сәтте дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Бұл – ел азаматтарына берілген үлкен мүмкіндік, халықтың үні естілетінінің айқын белгісі, – дейді отағасы Борис Мырзағалиев.
Ал Жайық ауылындағы №27 референдум учаскесінде үлкен кезек пайда болды. Себебі Ортаевтар көшесінің тұрғындары бір ауыздан келісіп, бірге таңдау жасауға шешім қабылдапты. Солардың бірі – Жаслан Күнбатыров. Оның айтуынша, көше тұрғындарының бірге келіп дауыс беруі – жай ғана сәйкестік емес, ортақ келісімнің нәтижесі.

d01911ed-a179-4b14-b9d9-eb192e7dad2d
– Біздің Ортаевтар көшесінің тұрғындары бір-бірімізбен үнемі араласып, ақылдасып тұрамыз. Елге қатысты маңызды мәселе болған соң, референдумға бірге барып, азаматтық міндетімізді орындауды жөн көрдік. Бүгін тек дауыс беретін күн емес, бірлігімізді де танытатын тарихи сәт. Елдің болашағына қатысты шешім қабылданғанда әрқайсымыздың пікіріміз маңызды. Сондықтан көршілерімізбен ақылдасып, бір мезетте келіп дауыс бердік, – дейді Жаслан Күнбатыров.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале