9.04.2025, 12:30
Оқылды: 128

Ақжайықтың шығармашылық ұжымдары арасында фестивалі өтуде

Ақжайық ауданның шығармашылық ұжымдары арасында «Өнеріміз саған, Ақжайық!» фестивалі өткен айдың соңында шеру тартқан болатын.

810da578-b25d-45eb-a727-7ff8a55b4db7

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығы, еліміз көлемінде атап өтілетін өзге де мерейлі даталар аясында ұйымдастырылған эстефетаны аудандық  саз мектебінің ұжымы жалғастырды.

28fcea38-9392-41b8-8db0-202786d444ad

Зал лық толы көрерменнің қошеметімен оркестр (дирижеры Халел Сапаров) концерттің шымылдығын Құрманғазының «Саранжап», «Балбырауын» күйлерімен ашты. Сонымен қатар әншілер оркестрдің сүйемелдеуімен Ж.Артықбаевның «Алтын бесік», Мұсаның «Жаяу Мұса» әндерін әуелетті. Ұжымның жас дарындары Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін шырқап берді.

7eb173c1-8904-46aa-b271-e709aac3c76a

Дәстүрлі әншілердің халық әні «Гүлдерайымды» орындағандағы көрерменнің ықыласын көзбен көру керек. Саз мектебі болған соң, ән-күй, аспапта орындауде кәнігі шеберлер өнер көрсетті, сонымен қатар музыканттар актерлік қабілеттерімен де тамсандырды. «Қырманға кел, қалқатай» ән-би композициясы және ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің қаламмен де, қарумен де жауға қарсы шыққан қаһармандығын сипаттаған театрландырылған қойылымның көрерменге ұмытылмас әсер тарту еткені сөзсіз.

17acd9c2-c3d3-42b3-a770-097d9df78c45

Әскери әндерді де тамаша орындады ұжым әншілері. Күйшілер шеруінен кейін Е.Хасанғалиевтің әйгілі «Атамекен» әнімен концерттік бағдарлама түйінделді. Саз мектебінің басшысы Руслан Есенәлиев сахнаға көтеріліп, қошеметтеп келген жұртшылыққа алғысын арнады.  Эстафетаны М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры Света Сабырова қабылдады. Келесі концерт 15-ші сәуірде өтеді.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

304a343a-2b2e-478e-acab-335c789d2c13 dac18df1-a117-4336-a4c7-1ae37e1a25ae

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале