15.03.2026, 9:10
Оқылды: 17

Ақжаулықты аналардың үлгісі – ел болашағына жауапкершілік

Тасқала ауданы №329 референдум учаскесіне аудандық Ардагерлер үйі жанындағы Әжелер алқасының мүшелері дәстүрлі түрде белсенділік танытып, ұлттық киіммен келіп дауыс берді. Ақжаулықты аналардың бұл қадамы – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.

әже

Қай заманда да қазақ қоғамында әжелердің орны ерекше. Олар – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тәрбиешісі, ұлттың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының сақтаушысы. Халқымыз ұрпақ тәрбиесінде ғасырлар бойы әжелердің өнегесі мен тәлім-тәрбиесіне сенім артып келеді.

Бүгінгі күні де Әжелер алқасының мүшелері ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп келеді. Олар жастардың бойына патриоттық рух пен елжандылық сезімді қалыптастыруға ерекше үлес қосуда. Осындай өнегелі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуы – елдің бірлігі мен болашағына деген жанашырлықтың белгісі.

Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын ақ жаулықты аналар бүгін де азаматтық борыштарын орындап, ел келешегі үшін өз таңдауларын жасады. Бұл – кейінгі буынға үлгі болатын игі іс.

Тасқала ауданы

Бақтыгүл Шотанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале