28.12.2020, 10:13
Оқылды: 7

«Ақжолдықтар» бәйтеректік тұрғындармен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мүшелері аудан тұрғындарымен үгіт-насихат шеңберінде кездесу өткізді.

16-5

Аудандық мәдениет үйінде өткен басқосуда «Ақ жол» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бағдат Ізмағанбет, ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Алмас Бадашевтың сенімді өкілі Қуаныш Елубаев, өңірге танымал кәсіпкер Тілеген Құспанов аудан тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Түбегейлі өзгеріс қажет» деп аталған кездесуде экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік мәселелер, жастар және тұрғын үй мәселесі төңірегінде әңгіме өрбіді. Партия мүшелері басым ұстанатын әлеуметтік мәселелер, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстармен бөлісіп, азаматтардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале