Ақоба ауылдық мәдениет үйі жанынан аталмыш ауыл келіндердің бастамасымен «Ақжүніс» әуесқой келіндер клубы ашылды. Ауыл үлкендерін дастархан басына жинап, дәмнен ауыз тигізіп, ауыл әкімі Нұрлыбек Жакин жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Әрмен қарай дәстүрлі түрде лента қию рәсімі ауыл әкімі Нұрлыбек Тұрымтайұлы мен ақжаулықты әжеГүлбану Бекесоваға табысталды. Г.Бекесовакеліндерге ізгі тілегін білдіріп, бастаған істеріне сәттілік тіледі. Сонан соң клуб мүшелері өздерін таныстырды. Келіндер клубының жалпы мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ене мен келін арасындағы сыйластық, отбасының ұйытқысы, сонымен қатар елдің дамуына да келіндердің де септігін тигізу.
-Алдағы уақытта аталмыш клуб түрлі мәдени-көпшілік шараларға өз үлестерін қосып, әр келіннің қолынан келетін істері бойынша болашақ аналарға бар білгенін үйретіп, жол сілтеу,- деді клуб жетекшісі Гүзада Хабиржанқызы.
Шара барысында келіндер өз туындыларынан дайындалған көрмемен таныстырыды. Ауыл үлкендері ауыл келіндеріне ризашылықтарын білдіріп, қарияларымыз баталарын берді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz