17.10.2023, 15:00
Оқылды: 99

Алаңға сән берген мүсін

Халқымыз ұлттық қолөнерін жоғалтқан емес. Соның бірі -Қаратөбе ауданы орталығындағы су бұрқақ жанында ағаш діңгегінен ойылып мүсінделген қыран бейнесін айтуға болады.

37d5dfb2-ba19-4bed-84f2-045628314114

Осы қыран бейнесін мүсіндеген басқа емес, өз ауылымыздың балалары, Қаратөбе балалар шығармашылық үйінің үйірме жетекшілері Қасым Шоқанаев пен Нұртас Бисенғожин.

fce1b51f-1b4a-4af5-a3df-9bb5ccbc0a31

Екеуінің қолынан шыққан туынды анадайдан мұндалап, адамның көзін өзіне тартып тұр. Ағаштың діңгегін жұлып тастамай, содан бір туынды шығару «Кімнің ойына келді екен?» деген ойға қаласың. Қасынан өтіп бара жатып суретке түсіруді жөн көрдім. Бізде де бар екен ғой не бір талантты жігіттер.

 

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале