29.05.2017, 14:45
Оқылды: 40

«Алаш арыстарын насихаттайтын үйірмелер ашу қажет»

Бұл жайлы Ақжайық ауданының орталығында өткен облыстық семинарда Бөрлі өлкетану музейінің директоры Алтынбөбек Сүйіндікова айтты.


Жиналғандар алдымен 76 жылдық тарихы бар осы музейді аралап, құнды жәдігерлермен танысып шықты.

- Олардың ұстанған бағыттары бүгінгі жас тәуелсіз мемлекетіміз үшін де маңызын жойған жоқ. Қайраткерлердің қарымды еңбегін, жұрт үшін жасаған жанкешті ерліктерін 100 жылдық деп қана атап қоймай, жыл сайын жаңғыртуымыз қажет,- деді белгілі тарихшы Жаңабек Жақсығалиев.

Семинарда ұлтты біріктіру қажеттігінен туындаған саяси ұйымның беделі мен атқарған қызметі, Алаш арыстарының айтулы істері жөнінде әңгіме өрбіді. М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Алдаберген Сәрсеков, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені директорының орынбасары Назымгүл Оразгелдиева, аудан орталығындағы музейдің экскурсоводы Юлия Нұрланқызы алаштықтар баяндамаларымен таныстырды.

Семинар қорытындысында аудандағы барлық мектеп, колледждерде білікті тарихшылар Алаш қозғалысы жайында дәрістер оқуы жайында ұсыныстар айтылды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале