17.05.2023, 16:15
Оқылды: 37

Алаш музейінде «Алаштану» квесті өтті

Сырым ауданы орталығы Жымпитыдағы «Алаш» музейінде аудандық Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының мүшесі Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл және Күнбатыс Алашорда  үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай саяси тұлғаның өмір жолы мен Күнбатыс Алашорда үкіметінің саяси қызметін тану мақсатында аймақтық «Алаштану» музейлік квест ойыны өтті. 

IMG_6277

Шараға Сырым ауданынан бөлек Бөрлі, Теректі, Қаратөбе аудандарынан бес команда қатысты.

Қатысушыларға музей алдында ақ пен бауырсақ ұсынылып құрмет көрсетілді. Кейіннен музейге экскурсия жасалды.

IMG_6298

Музейдің квест ойынының ережесіне сәйкес қатысушылар «Сұрақ бізден, жауап сізден», «Алаштың асыл азаматтары», «Жәдігерлер үнсіз қалмасын», «Музейдегі үздік селфи» кезеңдерінде өзара бақ сынады.

IMG_6300

Нәтижесінде, ІІІ орынды бөрлілік «Қыран» тобы, ІІ орынды теректілік «Эрудит» иеленсе, қаратөбелік «Алаш» тобы І орынға лайық деп танылды.

IMG_6306

Жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале