1.08.2023, 19:51
Оқылды: 104

«Алаяқ, жолама!»

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серіковпен бірге жедел кеңес өтті. Жиынға Жәнібек Апб басшысының міндетін атқарушы, полиция майоры Ренат Рахимов, орынбасары Мейрамхан Бапахов, ауыл әкімдері және жеке құрам қатысты.

IMG_0134

Жедел кеңестің күн тәртібінде бөлімнің осы жылдың алты айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы, жеке құрам арасындағы тәртіптің, заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі және оған қойылатын міндеттер қаралды. Аталған бағдарламаны іске асыру туралы Ренат Рафаэлұлы мен Мейрамхан Темірханұлы баяндады. Айтуынша, пәтер, мал, ұялы телефон ұрлығының әрқайсысынан 2 қылымыстық іс тіркелсе, нашақорлық бағытындағы қылмыстық теріс қылықтар бойынша 1 қылмыстық әрекет анықталған. Анықтауда кедергі келтірген және орын алған кемшіліктер жөнінде Мейрамхан Темірханұлы:

-Бүгінгі таңда 2 қылмыс орын алып, күні бүгінге дейін ашылмай отыр. Атап айтқанда, кемшіліктердің бірі және күнделікті мәселеге айналған алаяқтық қылмыстар. Оның ішінде желілерді  теріс бағытқа пайдаланып жасалған құқық бұзушылықтар. Мұндай қылмысты ашу өте қиынға соғады. Себебі осыған дәті барған алаяқтар Қазақстан Республикасының аумағында емес, басқа мемлекеттерде отырып ойға келгенді жасауы мүмкін. Сонымен қатар олар ешқашан өз деректері арқылы қылмыс жасамайды. Басқа адамдардың атын жамылып, арам пиғылдарын жүзеге асырады. Сол себепті қылмыстардың ашылуына үміт аз,- дейді.

IMG_0130

Баяндауынша, оң нәтиже бермеген істе Күйгенкөл ауылының Г есімді тұрғынының 2 000 000 теңге көлеміндегі ақшасын белгісіз алаяқ иемденген. Бір ғана аудан ішінде осы тектес сорақылық жетіп жатыр. Қамыстың ауылындағы А есімді азаматтың 80 000 теңгесін жат жатсынбай алса, Жақсыбайдың С есімді тұрғыны бақандай 2 610 000 ақшасын қалтасына басқан. Дәл осындай қылмыстарды ашу үшін қолдан келер шара жасап жатыр екен. Ал  Ренат Рафаэлұлы жолдағы тексерістерді тілге тиек етіп, кәмелет жасқа толмаған 80 жеткіншектің түнгі сағат он бірден кейін көшеде жүргені салдарынан ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалғанын баяндады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының қылмыспен күресу және алдын алу ісінің арқасында соңғы алты айда 25 қылмыс ашылғанына хабардар болдық. Бірақ «бөлімге маман тапшы» деп дабыл қаққан полиция майорына полиция полковнигі Абылайхан Серікұлы дереу бұл түйткілді шешуді тапсырды. Оқуын аяқтаған жастарға қолдау көрсететін түрлі бағдарламаларды айтып, қол қусырып отыра бермеу керек екенін жеткізді. Жиын соңында Абылайхан Серікұлы қызметкерлерді жеке қабылдап, өтініштеріне құлақ асты.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале