17.03.2022, 15:30
Оқылды: 123

Альбина «Ару ана» атанды

Теректі аудандық мәдениет үйінде «Ару ана - 2022» атты әлеуметтік қызметкерлер арасында байқау оздырылды.

WhatsApp Image 2022-03-17 at 15.25.42 (1)

Ұлттық құндылықтарымызды әсемдікпен ұштастырған өнер додасында 7 ауылдық округтің қызметкерлері бақ сынады. Олардың қатарында жалғызбасты қарияларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіп жүрген Әсел Мамаева (Ақжайық а.о), Сәуле Ағниязова (Подстепный а.о), Ақмарал Рахмешова (Шаған а.о), Айжан Сағынғалиева (Федровка а.о), Айымгүл Табишова (Барбастау ауылы) және ерекше жандарға қол ұшын беріп жүрген Жансая Серікова (Шаған а.о), Альбина Теміршеевалар (Подстепный а.о) бар.

WhatsApp Image 2022-03-17 at 15.26.00

Әділ қазылардың құрамында аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің редакторы Әділет Орынбасаров, Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Айгүл Қайырова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудармашысы Гүлайым Амановалар болды.

WhatsApp Image 2022-03-17 at 15.25.51

Шара барысында сөз алған Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова қатысушы мамандарға жылы лебізін білдірді.
Бес кезеңнен құралған сайыс нәтижесінде, өнерімен оқ бойы озық болған Подстепныйдың әлеуметтік қызметкері Альбина Серікқызы «Ару ана—2022» аталымын жеңіп алды.
Барша қатысушыларға түрлі аталымдар бойынша марапат ұсынылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале